412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада 180 отбасы баспаналы болды

  • 133
  • UPD: 17:59, 04.06.2020

Айшықты мерекеміз Мемлекеттік рәміздер күні қызылордалық 180 отбасы баспаналы болды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Сырдарияның сол жағалауына салынған 4 үйге көп балалы отбасылар қоныстанды.

Жалпы облыс бойынша 26 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Олардың 3 жарым мыңдайы тұрғын үй кезегінде тұр. Соңғы 3 жылда мемлекеттік бағдарламалар бойынша аймақта 141 көпқабатты үй бой көтеріп, 20 мыңнан астам тұрғын жаңа пәтерге қол жеткізген. Жыл соңына дейін 14 арендалық және  13 несиелік тұрғын үй беріледі деп жоспарланып отыр. Құрылысқа жеке инвесторлардың қаражаты тартылмақ. 

Гүлшара Әбдіқалықова, облыс әкімі:

- Жалпы осы жылы мыңнан астам отбасына осындай пәтерлерді береміз деп жоспарлап отырмыз. Облыс бойынша 81 үй тапсырылады. Оның ішінде көп қабаттысы бар, жер үйлері бар. Бұл бағдарламаларды әрі қарай жалғастырамыз. Бір жағынан мемлекеттік инвестиция, екінші жағынан жеке инвестиция қосылып жатыр. 

Әбдімәжит Жансақалов, мердігер мекеме директоры:

- 40 пәтерлі үй, ең жоғарғы бөлменің шаршы метрі 65-тен келеді. 3-2 бөлмелі үйлер. 70-80% осы жердің материалдары. Тапсыру кезеңі егеменді еліміздің мемлекеттік рәміздер күні мейрамына тура келіп жатыр. Біз құрылысшылар өте қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы