Пандемия басталғалы бері Қазақстанда 12 124 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
Олардың 77% ауру жеңіл формада өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн брифингте айтты.
«Ковид» белгісі бар, десе де дер кезінде дәрігерлер бақылауына алынған науқастар, шамамен 52% жазылып шықты.
Қалған 5836 адам әлі ауруханада. Оларға қажетті барлық ем-дом шаралары көрсетіле береді. Соған қарамастан Елжан Біртановтың айтуынша, 59 адамның жағдай ауыр. Бұл жалпы көрсеткіштің 1% тең.
Ал сырқаттардың 10% орташа ауырсынулар байқалады.