419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аралдағы санитарлық бекеттер әзірге алынбайды

  • 425
  • UPD: 19:44, 04.06.2020
Аралдағы санитарлық бекеттер әзірге алынбайды

Аралдағы тосқауыл бекеттері жұмысын жалғастыра береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпті індеттің беті қайтпай тұрғандықтан, полицейлер мен санитарлық дәрігерлерден құралған топ 3 елді мекен тұсында қалдырылды. Қызылорда облысындағы басқа ауданаралық бекеттер алынды. Қазіргі таңда жұқпалы індетке шалдыққан аралдықтар саны 48-ге жетті. 114 науқас карантинде жатыр. 144 адам үй жағдайында бақылауға алынған. Ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес демалыс орындарының ашылуына рұқсат жоқ.

Әміржан Өтегенов, Арал аудандық полиция бөлімінің бастығы:

– Арал қаласында 3, сонымен қатар Сексеуіл кентінде, Қамыстыбас елді мекенінде блок-бекеттер қызмет атқаруда. Күніне блок-посттардан шамамен 100-150 автокөлік кіріп-шығып жатыр. Осы блок-посттарды біз пайдаланып, қылмыстың алдын алу, бақылау, әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алуда жеке құрам күшетйілген тәртіппен қызмет атқаруда.

Хабар 24 телеарнасы