421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда созылмалы аурулардан қайтыс болған 37 науқастан COVID-19 белгілері анықталды

  • 377
  • UPD: 19:41, 04.06.2020
Қазақстанда созылмалы аурулардан қайтыс болған 37 науқастан COVID-19 белгілері анықталды

Бірақ олар қауіпті індеттен көз жұмғандар тізіміне енгізілмеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, ел аумағында індет жұқтыру көрсеткіші – 5 процент. Қазір коронавирустан емделіп жатқан 59 науқастың жағдайы ауыр. Тағы 600 адамның халі орташа ауыр деп бағаланып отыр. Әсіресе, науқаспен байланыста болғандар арасында кеселдің таралуы жиілеп кеткен. Сондай-ақ ауру белгілері жоқ науқастар көбейген. Індет жұқтырғандардың кейбірі үйлерінде жатып ем алуда. Олардың жағдайын учаскелік дәрігерлер күнделікті бақылайды.

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Бұл мәселе қазір кейбір әлеуметтік желілерде қозғалып жатыр. Симптомсыз болса, неге ауруханада ұстайды деп кейбір азаматтар соны түсінбей, бізге ақпарат жеткізіп жатыр. Дұрыс түсіну керек. Жұқпалы аурумен ауырғаннан кейін басқа да азаматтарға, отбасы мүшелеріне, балаларға жұқтыруы мүмкін. Өз өзін карантинге салу өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы