412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайда 5 ауылды газдандыру жұмыстары басталды

  • 139
  • UPD: 01:43, 05.06.2020

Жамбыл облысының Қордай ауданында 5 ауылды газдандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл Қаракемер, Ауқатты, Бұлар батыр, Сортөбе және Масаншы елді мекендеріне газ жеткізіледі. Жоба жартылай бюджет, жартылай «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Қазір сала мамандары «Қордай» автоматты газ тарату станциясын қайта жабдықтауға кірісіп кетті.

«Қордай» автоматтандырылған газ реттегіш станциясынан 5 ауылға дейін ұзындығы 73 шақырым жоғары қысымды газ құбыры тартылады. Оның 42 шақырымы «ҚазТрансГаз» АҚ инвестициялық бағдарламасы есебінен салынады. Қазір жобаның алғашқы кезеңі басталып жұмыс қарқын алды.

Жоба жүзеге асқан уақытта 5300 дей тұрғын үй, 50 мыңнан астам адам табиғи газбен қамтамасыз етіледі. 274 әлеуметтік сала мен кәсіпкерлік нысандарын да қосуға мүмкіндік туады. Жобада жоғары қысымды газ құбырын жол-жөнекей бірнеше елді мекен маңымен жүргізу қарастырылып отыр.

Сәкен Исмайлов, «Қазтрансгазаймақ» АҚ-ның ЖӨФ директоры:

– Бес елді мекенмен қатар тағы да алдағы уақытта сол төңірекке жақын орналасқан тағы 12 елді мекенді газдандыру жобасы осы жерде қарастырылған. Сол елді мекендерге алдағы уақытта өшірілетін нүктелерін қарастырып жатырмыз.  

Мердігер компаниялар жұмысты биыл қыркүйек айына дейін бітіреміз деп отыр. Қазір «Қордай» автоматты газ тарату станциясын қайта жабдықтау жұмыстары басталды. Бұл станцияның өткізу қуатын арттыруға мүмкіндік береді.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы