418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жұмыспен қамтудың жол картасы». Аягөз ауданында 68 жоба жүзеге асып жатыр

  • 205
  • UPD: 09:02, 05.06.2020

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 68 жоба жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған республикалық бюджеттен 2 миллиард 411 миллион теңге бөлінген. Қазір ауылдар мен аудан орталығында әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткізіліп, жолдар жөнделіп жатыр. Жарықтандыру, спорт нысандарын салу да назардан тыс қалмаған. Тұрғындар өзекті мәселелердің шешімін тауып жатқанына дән риза. Жобалармен жақын танысып қайтқан арна тілшісі Болат Көкенайұлының репортажына назар салайық.

Болат Көкенайұлы, тілші:

- 40 мыңнан астам тұрғыны бар Аягөз қаласын тура ортасынан темір жол желісі бөліп жатыр. Оның тау жақ беткейінде 13 мыңнан астам тұрғын бар. Олардың көптеген мәселелері бұрын қордаланып, шешілмей келген еді. Енді солар соңғы жылдары шешімін тауып, біртіндеп жүзеге асып келеді. Жақында жол салынып, ауыз су мәселесі шешілді. Ал мына жергде болашақта жаңадан спорт модулі тұрғызылатын болады. Онда бірнеше үйірме жұмыс істеп, жас жеткіншектер бос уақыттарын тиімді өткізе алады.

Жергілікті тұрғындар бұл игі өзгерістерге дән риза. Олар қазір әлеуметтік түйткілдердің шешу жолдарын атқарушы билік өкілдерімен жиі талқылайтын болған. Осыдан 2 жыл бұрын кіші Аягөз өзені тасығанда көпірлердің ескілігі әрі аздығы мәселе болып көтерілді.

Қабдыләшім Сәдуақасов, зейнеткер:

- Өзен тасыған уақытта мына халыққа өтуге ыңғайсыз болды. Сондықтан жаңадан көпірлер салып, халықты разы қылды, бәрі разы. Үлкен адамдар бәрі тек қана рахметтерін айтып жатыр. Мына жерге стадион салса, содан кейін жарық тартылады деп жатыр. Әйтқандарын ақырындап бәрін істеп жатыр,.

Аманғазы Жақыпов, Аягөз қаласының тұрғыны:

- Өткен күзде барып өтінішімізді айтқанбыз, сол өтінішімізді қабыл алып, міне, жолды салып, мың да бір рахмет! Енді міне, бұйырса, автобус мәселесі болатын, ол автобусты да жүргізіп, шамды жарықтандырып, өйткені көбі теміржолшылар, дәрігерлер осы таудың басында тұратын көп жылдан бері, енді осының бәрі қолға алынғалы жатыр.

30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген Аягөз қалалық қазақ гимназиясында да ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Оған Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында 30 миллион теңгеден артық қаражат бөлінген. Қазір білім ордасының басшылығы мердігерлер жұмысын күнделікті бақылауға алған.

Бейбіт Шомақов, Аягөз қалалық көпсалалы қазақ гимназиясының директоры:

- Ұлттық бірыңғай тестілеуге дейін 60% үлгеруі тиіс. Бірақ Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін орындарда кедергі болмайды. Ары қарай Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталғаннан кейін жұмыстарын жалғастырады. Биылғы оқу жылында ҰБТ санитарлық талаптарға сай 3 кезеңмен өтеді, ара қашықтықты сақтап, нұсқауға сәйкес өткізілетін болады.

Райымбек Алшынғазинов, мердігер компания өкілі:

- Қазіргі уақытта 30% мөлшерде жұмыс аяқталды. Қалған 70%-ін шамамен бір, бір жарым айда аяқтаймыз. Мекемеде қазір 15 адам жұмыс істеуде, оның жетеуі жергілікті Аягөз қаласының жұмыспен қамту орталығынан алынды. Олардың жалақысы 85 мың теңгені құрайды.

Қазір аудандағы тура осындай 12 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орталық аурухана ғимараты да мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жөнделеді.

Қуаныш Азыханов, Аягөз қаласының әкімі:

- «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Аягөз қаласының өзіне ғана бір миллиард 21 миллион қаражат бөлініп отыр. Бұл 25 нысанды күрделі жөндеуден және жөндеуден өткізу бойынша бүгінгі күні осы нысандар бойынша мердігерлер бар. Олардың барлығы қазіргі таңда жұмыстарын бастап кетті.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бос жүрген азаматтарға да екі қолға бір күрек тауып берді. Аудан бойынша бұл жобаларға 700-ге тарта адам тартылған.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы

 

Хабар 24 телеарнасы