418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да ірімшік өндірісі өрге баспай тұр

  • 188
  • UPD: 09:04, 05.06.2020

Солтүстік Қазақстан облысында ірімшік өндірісі өрге баспай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Стастистикалық сандарға сүйенсек, өнімнің 70%-і сырттан тасымалданады. Жергілікті тауар өндірушілер сүт өңдеуге құлықсыз. Өңірде онымен саусақпен санарлық адам айналысады. Импортқа тәуелділіктен қашан құтыламыз?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бұл – Петропавлдағы ең ірі супермаркеттердің бірі. Мұнда ірімшіктің 500 түрі сатылады. Соның 5%-і ғана қазақстандық. Нарықты Ресей, Беларусь, Украина елдерінің өнімі жаулап алған.

Марина Лисяная, супермаркеттің коммерциялық директоры:

- Отандық тауар өндірушілер үшін сөрелер тегін беріледі. Тоңазытқыш, ақтау температурасы секілді талаптар толық орындалған. Ақшаларын да алдын ала аударамыз. Бірақ олар тұтынушының сұранысын қанағаттандырмай тұр.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Айт, айтпа, біздің өнім таза табиғи болса да, импорттың бәсі басым. Биыл Петропавлдағы сүт зауыты ірімшік өндірісін іске қосуы тиіс еді. Цех күніне 300-400 тонна өнім шығаруға арналған. Бірақ карантин кедергі келтірді.

Георгий Целых, сүт зауытының директоры:

- Енді цехтың құрылысы келесі көктемге қалып отыр. Наурыз, сәуір айларында басталса, күзге қарай аяқталады. Қондырғылар бойынша 3 кәсіпорынмен келіссөздер жүргізіп едік. Енді бәрі тоқтап тұр.

Солтүстік Қазақстан облысында ірімшік жасайтын 6-ақ кәсіпорын бар. Олар өткен жылы 1 мың тоннадай өнім өндірген. Бұл ішкі қажеттіліктің 1/3-і ғана. Қалғанын сырттан тасимыз.

Ерболат Бекшенов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Ірімшік шынымен де тапшы. Көптеген қайта өңдеу кәсіпорындарында желі жоқ. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бұл негізінен отбасылық кәсіп. Мамыр айында Новоишимка ауылында шағын цех ашылды. Жыл соңына дейін қалада және Айыртау ауданында ірімшік өндірісі.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Сауда сөрелерінде ірімшіктің түр-түрі бар. Өкінішке қарай көбі импорттық. Сүтті өндіруді үйрендік. Енді өңдеуді үйренсек игі.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы