422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде өткен екі тәулік ішінде жеті адам суға кетті

  • 367
  • UPD: 12:35, 05.06.2020
Елімізде өткен екі тәулік ішінде жеті адам суға кетті

Республика бойынша өткен екі тәулік ішінде жеті адам суға кетті, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Мамыр айында ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты күн ыстық болды, алайда, су айдындарындағы су әлі қызған жоқ, әрі суға шомылу үшін қолайсыз.

Барлық жағдайларда су айдындарындағы судың температурасы 15-20 °С-тан аспады.

4 маусымда Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылының маңында «Подстанка» қазаншұңқырындағы шомылуға жабдықталмалған жерде 2004 жылы туған жасөспірім суға батып кетті.

4 маусым күні Ақтөбе қаласы Сазды ауылынан 18 шақырым жерде Саздинка өзені шомылуға жабдықталмалған жерде 1969 жылы туған ер адам суға түсу кезінде суға батып кеткен, мас күйінде болған.

Ағымдағы жылдың 4 маусымында Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 10 шақырым жерде, Жем өзені шомылуға жабдықталмалған жерде 1990 жылы туған ер адам суға батып кетті.

4 маусым күні Түркістан облысы Төле би ауданы Тағайна ауылының маңында, Ұзынбұлақ су қоймасы шомылуға жабдықталмалған жерде 2002 жылы туған жас жігіт суға батып кетті.

4 маусым Түлкібас ауданы Құлан ауылының жанында, Құлан су қоймасы, шомылуға жабдықталмалған жерде 2003 жылы туған жасөспірім суға батып кетті.

3 маусым күні Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылының маңында, жасанды су айдыны шомылуға абдықталмалған жерде 1999 жылы туған ер адам суға батып кетті, мас күйінде болған.

3 маусым Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы, Сол жағалау, Шардара магистральды каналы, шомылуға жабдықталмалған жерде 2007 жылы туған қыз суға батып кетті, үлкендердің қарауынсыз болды.

Су температурасы 15-18°С болғанда 3 минуттан артық тұруға болады. Салқын суға денесі шыныққан адамдарға кіруге болмайды. Су жылынған кезде, судың температурасы 22 градусқа дейін көтеріледі, ондай суда он минуттан артық шомылмау қажет. Егер су температурасы 24 градусқа тең болса, жарты сағат суға шомылуға болады.

Ұзақ суға шомылу денсаулық үшін қауіпті және суға түсу ұзақтығы, негізінен, ауаның, судың температурасына және желдің күшіне байланысты. Ең қолайлы суға шомылу режимі:

- су температурасы + 180, шомылу уақыты 6-8 минут;

- су температурасы + 200, шомылу уақыты 10-12 минут;

- су температурасы +200-ден жоғары , суға түсу уақыты 15 минутқа дейін .

Сонымен қатар суда адамдардың қаза болуына себеп болатын факторлардың бірі адамның денсаулық жағдайы болып табылады, ол кезде тез сіңір тарту, есінен айрылу, бас айналу және т. б. туындауы мүмкін.

ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Демалыс орындарында су айдынында болған кезде жол берілмейді:

- суға кіруге және алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға;

- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіру;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;

- жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан жүзуге;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- су қоймаларын ластау және ластау;

- жағада және киім шешетін орындарда демалушыларға жарақат келтіруі мүмкін қоқыстарды қалдыруға;

- техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілу;

- балаларға ересектерінсіз суға кіру;

- шомылатын балаларды қараусыз қалдыруға.

Хабар 24 телеарнасы