432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің үздік экологтары марапатталды

  • 333
  • UPD: 13:50, 05.06.2020
Еліміздің үздік экологтары марапатталды

Бүгін еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі саланың үздік мамандарын мерейтойлық төсбелгімен марапаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіби мерекеде экологтарға және экоактивистерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар министрліктің қолдауымен оқушылар арасында өткен республикалық конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері де марапатталды. Аталмыш байқауға еліміздің аймақтарынан 2 мыңға жуық оқушы қатысқан. Олар экология тақырыбында суреттер, қолдан жасалған бұйымдар мен бейнероликтер ұсынған. Іс-шара қорытындысы бойынша 27 жеңімпаз және 10 бейнеролик үздіктер қатарынан көрінді.

Хабар 24 телеарнасы