420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарыағаш ауданындағы құс фабрикасы өңірді толық қамтамасыз етуде

  • 534
  • UPD: 14:00, 05.06.2020
Сарыағаш ауданындағы құс фабрикасы өңірді толық қамтамасыз етуде

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында тәулігіне 220 мың тауық жұмыртқасы өндіріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өнім көлемі аудандағы жергілікті базарлар мен сауда орындарын толық қамтып отыр. Бұрындары Сарыағашқа өзге де облыстардан жұмыртқа жеткізілетін. Ал, карантин кезінде алыс-беріс тоқтаған соң аудандағы жұмыртқа шығаратын фабрикаға сұраныс артқан. Кәсіпорын қазір өнім өндіруді тұрақты жолға қойып келеді. Құс асырайтын орында 212 мың аналық тауық бар. Олардың жұмыртқасының орташа бағамы 25-28 теңге аралығында саудаланады. Фабрика Еуропа технологиясы үлгісінде жұмыс атқарады. Өндіріс орнының негізгі бөлігі автоматтандырылған. Ал кәсіпорында жергілікті 50 азамат жұмыс жасайды.

Оразбай Сманов, жұмысшы:

- Фабриканы кеңейтетін жоспар бар. 2 цех қосуымыз керек келешекте. Оған бірінші жем қоймасын салып жатырмыз. Жем жеткізу қиын екен. Бір жылда 5 мың тонна бидай жейді. Осы 4 цехымыз. Жем қоймамызды бітіріп алсақ, шөже бағатын жер саламыз.

 

Хабар 24 телеарнасы