410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде биыл 55 аула абаттандырылады

  • 137
  • UPD: 14:11, 05.06.2020
Өскеменде биыл 55 аула абаттандырылады

Өскеменде аулаларды абаттандыру жұмысы биыл да қарқынды жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмыстар үш кезеңмен жүргізіледі. Алғашқысы екі жыл бұрын қолға алынған «Менің аулам» жобасы аясында жаяу жолдар мен жиектастары ауыстырылып, ойын алаңы реттеледі. Сондай-ақ 35 аула жаңарады. Ал екінші кезең бойынша 19-шы шағын ауданды толық абаттандыру басталды. Бұл жаңадан бой көтеріп келе жатқан аудан болғандықтан, жұмыс көлемі де ауқымды болмақ. Отызға жуық ойын алаңы, 5 спорттық алаңқай, 9 демалыс бағы салынады. Тұрғындардың спортпен шұғылдануына арналған құралдар да қойылады. 11 шақырымға жуық жаяу жүргіншілер жолы салынып, жиектас  қойылады. Ал, жарықтандыру үшін 400-ге жуық электр шамы мен 300-ден аса орындық қойылады. Бұл мақсатта қала бюджетінен бірнеше жүз миллион теңге бөлінген. Ал, жалпы биыл 55 аула абаттандырылады деп жоспарланған.

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің кеңесшісі:

- Бұл 55 деген үш бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі ол – «Менің аулам». Ол жерде 35 аула. Он аула 19-шы шағын ауданда былтыр қабылданған абаттандыру бағдарламасы. Сол бағдарлама бойынша 10 аула жөнделеді. Сонымен қатар қосымша 10 аула Street workout бойынша. Бұл бағытта мол қаржы бөлініп жатқаныдықтан, негізгісі – жұмыстың сапасы. Сондықтан тұрғындар сапаны өздері бақылау керек.

Хабар 24 телеарнасы