422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраудағы жарылыс себебі анықталды

  • 681
  • UPD: 15:28, 05.06.2020
Атыраудағы жарылыс себебі анықталды

Атыраудағы жанармай бекетінде газ-ауа қоспасын құю кезінде газ ағып, салдарынан жарылыс болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрттің негізгі шығу себебі осы. Салдарынан 60-70 метр қашықтықта тұрған ғимарат қирады. Қазір келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Еске салайық, бүгін таңғы сағат 08:00 шамасында Атыраудағы жанармай бекетінде жарылыс болып, арты өртке ұласқан. Өрт сөндірушілер апат аумағын дереу оқшаулап, тілсіз жауды ауыздықтады. Жанармай құю бекеті мен бір автоцистерналы көлік толық өртеніп кетті. 4 адам зардап шекті. Оның ішінде көлік жүргізушісі, бекет қызметкері мен 2 өрт сөндіруші бар. Жарақат алғандар ауруханаға жедел жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы