420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бекшин: Карантин режимінде митингке қатысқандарды тіркеп, видеотүсірілім жүргіземіз

  • 456
  • UPD: 15:29, 05.06.2020
Бекшин: Карантин режимінде митингке қатысқандарды тіркеп, видеотүсірілім жүргіземіз

Алматы қаласының мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин митингтер мен бұқаралық шаралар коронавирусты жұқтырудың бірден-бір ошағы екенін айтты.

Қалада коронавирус індетінің таралуы әлі тоқтаған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек өткен тәулік ішінде 49 адамнан инфекция анықталған. Ал, бір аптада 334 адам ауру жұқтырған. «Егер мұндай бұқаралық шаралар індетті жұқтыруға себепші болса, онда митингтерді ұйымдастырушылар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады, тіпті қылмыстық іс қозғалады», - деді Жандарбек Бекшин.

Жандарбек Бекшин, қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері:

- Хаттамаға сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер карантин режимінде жаппай жиындарға қатысқан азаматтарды тіркеп, видеотүсірілім жүргізеді. Ал, тіркеу қатысушылар санын есептеп, жұқтыру ошағының эпидемиологиялық тексеруін одан ары жүргізіп, коронавирустың таралуының алдын алу үшін қажет. Осының салдарынан індет сіздің үйіңізге, отбасыңызға тарайды, ең алдымен балаларға және қарт адамдарға қауіп төндіреді.

 

Хабар 24 телеарнасы