426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да 400 студент құрылыс жасақтарында еңбек етпек

  • 450
  • UPD: 15:23, 05.06.2020
БҚО-да 400 студент құрылыс жасақтарында еңбек етпек

Батыс Қазақстан облысында осы жазда 1175 студент «Жасыл ел» жасақтарына тартылса, 400-дей студент құрылыс отрядтарының сапында еңбек етпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өткен жылғыдан екі есе артық. Күні бүгін жоғары оқу орындарының 70-тей шәкірті жұмысқа білек сыбана кірісіп те кетті. Олар негізінен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жөнделіп жатқан білім ордалары мен коммуналдық желілердің құрылысына тартылған. Студенттердің  жалақысы 85 мың теңге. «Қазіргі карантин кезінде бұл біз үшін елеулі көмек», - дейді жастар.

Мержан Аңшыбаев, колледж студенті:

Осында жұмысқа орналастым. Жұмыс жеңіл. Үйреніп жатырмыз. Болашаққа керек болар. бұл жұмыстан шыққымыз келмейді. Бәріміз үйреніп қалғасын жаз бойы осында істейтін болармыз деп ойлаймын.

Мейірбек Нұркен, обылстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық жетекшісі:

- Осы 2020 жылы студенттердің құрылыс еңбек жасақтары бойынша өтінімдер көп. Жастардың қызығушылығы артып отыр. Білмеймін, карантин режимі қатты тиді ме, үйде отырып қалды ма, бірақ жастарымыз жақсы. Өздері ресурстық орталығына келеді. Біз жұмыспен қамту арқылы өзіміз апарып аяқтай, құжаттарын көмектесіп рәсімдеп, сосын нысандарға алып келеміз.

Хабар 24 телеарнасы