423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Т.Дүйсенова халықтың арыз-шағымын тыңдады

  • 293
  • UPD: 18:11, 05.06.2020

Мемлекет басшысының көмекшісі әрі Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова Алматы қаласы және Алматы облысы тұрғындарының арыз-шағымын тыңдады.

Видеоконференция форматында өткен жеке қабылдауға алдын ала жазылған азаматтар қатысты. Олардың шағымы негізінен әлеуметтік сала мен азаматтық және қылмыстық істерді тергеуге байланысты болды. Бұдан бөлек жиында кәсіпкерлікті қолдау жөнінде де айтылды. Тамара Дүйсенова әр азаматтың талап-тілегін тыңдап, олардың орындалуын жауапты мемлекеттік органдарға тапсырды.

Еске салайық, елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты Президент Әкімшілігі 16 наурыздан бастап тұрғындарды жеке қабылдауды уақытша тоқтатқан еді.

Хабар 24 телеарнасы