405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында карантин тәртібі күшейтіледі

  • 209
  • UPD: 19:40, 05.06.2020
Алматы облысында карантин тәртібі күшейтіледі

Алматы облысында карантин тәртібі қайта күшейтіледі. Жұрт қазіргі жағдайға селқос қарайтын болған.

Індет жұқтыру көрсеткіші бірден 2 процентке өсті. Ал Қапшағадайда бұл көрсеткіш 9 процентке жетіп отыр. Сондықтан ондағы шомылу маусымы жақында басталмайды. Қазір су қоймасы маңында демалуға тыйым салынған. Талдықорғандағы бассейндер де жұмысын тоқтатты. Қаладағы автобустар таңғы және кешкі уақытта 3 сағаттан ғана жолаушы тасымалдайды. Тұрғындар сыртта маска тағып жүрулері  керек.           

Қайрат Баймұхамбетов, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін БД басшысы:

 –  Бүгіннен бастап облыстық мобильдік топ құрылды. Облыстық мобильдік топқа облыс әкімдігінің мүшесі, облыстық прокуратураның мүшесі, полиция қызметкері және санэпидқызметкер қосылады. Орталық аппараттан 347-бұйрық алынды. Бұл бұйрық бойынша мына мораторий кезінде бұған дейін біз тек ғана ескертумен шектелсек, қазір айыппұл салатын боламыз. Егер карантиндік режимді сақтамаса айыппұлдың мөлшері 8 мыңнан 550 мыңға дейін болады.

Хабар 24 телеарнасы