423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік құтқарушылар көп қабатты үйлердің терезесіне қондырғылар орнатып жатыр

  • 348
Ақтөбелік құтқарушылар көп қабатты үйлердің терезесіне қондырғылар орнатып жатыр

Ақтөбелік құтқарушылар балалардың өмірін қорғауға бағытталған акцияны қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көп қабатты үйлер терезесінің толық ашылуын шектейтін қондырғылар орнатып жатыр. Бұл жеткіншектердің биіктіктен құлап кетпеуі үшін ұйымдастырылған шара. Тек жыл басынан бері облыс орталығында екі бала терезеден құлап, түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Мұндай келеңсіз жағдай былтыр да болған болатын. Құтқарушылар бұл мәселеге ата-аналардың баса көңіл бөлуін сұрайды. Өйткені терезеге қойылған маскитті тор ешкімнің салмағын көтермейтінін айтады. Төтенше жағдай департаменті тарапынан қолға алынған акция әзірге көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қамтуда. Алдағы екі күнде 10-нан астам пәтердің терезесіне бұғаттау қондырғысын тегін қоймақ.   

Асқар Төлешев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:

– Ондай фактер республика бойынша көп тіркеліп жатыр. Ол неден? Қазір көріп тұрғандай, маскит сетканы қояды. Өзінің стандарттары бойынша балалары бар үйлерде блокилаторлар, ілгектер болуы керек. Ал ондайларды көп ата-аналар қойдыртпайды. Блокилаторлар орнатылғанда ондай фактілер тіркелмейтін еді. Үлгі ретінде қойып жатырмыз, ата-аналарға сабақ болсын деп акция ұйымдастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы