405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда көшелеріне стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды

  • 191
Қызылорда көшелеріне стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды

«Қоғамдық және жол қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесін орнату» жобасы бойынша автокөліктер ағыны көп аумақтарға 13 камера қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған құрылғылар қос бағыт бойынша жылдамдықты түсіреді және машиналардың нөмірін, түсін, маркасын автоматты түрде анықтайды. Жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері автоматты түрде өңдеу орталығына жіберіледі және айыппұл ұйғарымдары әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі. Стационарлы құрылғылар көмегімен қазірдің өзінде жылдамдық асырған 13500 құқықбұзушылық анықталып отыр. Бірақ әзірге айыппұлдар салынбайды. 

Шәмшидин Әмитов, ОПД бастығының орынбасары:

– Қазіргі таңда аталған құрылғылар тесттік режимде жұмыс жасауда. Маусым айының 2-жартысынан бастап іске қосылады деп жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты жол жүру ережелерін бұзбау және белгіленген жылдамдықты сақтауды ұсынамыз.

Хабар 24 телеарнасы