425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде Yutong маркалы автобустар құрастырылады

  • 318
  • UPD: 17:49, 06.06.2020
Елімізде Yutong маркалы автобустар құрастырылады

Елімізде Yutong маркалы автобустар құрастырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобаға 22 миллиард теңге мөлшерінде инвестиция салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында айтылды. Кәсіпорында жылына 1200 автобус пен 500 арнайы техника құрастырылады. Жиында Қарағанды облысында өзге де ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру мәселелері қаралды. Айталық, алдағы уақытта өңірде жыл сайын жеңіл көлікке арналған 3 миллион дөңгелек шығарылады. Жобаға тартылатын инвестиция көлемі – 56 миллиард теңге. Бұдан бөлек, резина техникасы зауытының алаңында өндірістік ғимараттар кешені құрылады. Онда индустриялық жобалар жүзеге асырылады.

 

Хабар 24 телеарнасы