433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елден заңсыз көлік алып шықпақшы болғандар ұсталды

  • 502
  • UPD: 19:20, 06.06.2020
Елден заңсыз көлік алып шықпақшы болғандар ұсталды

Қазақстаннан Қырғыз еліне бірнеше көлікті заңсыз алып шықпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар құжаты жоқ Daewoo және Hyundai маркалы машиналарды жүк көлігіне тиеп, құрылыс материалдарының арасына жасырған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Контрабандашылар «Айша бибі» өткізу бекетінде қолға түсті. Ал тәркіленген көліктер Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Хабар 24 телеарнасы