420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда саяжайға ауыз су құбыры тартылды

  • 364
  • UPD: 08:35, 07.06.2020
Талдықорғанда саяжайға ауыз су құбыры тартылды

Талдықорған қаласының іргесіндегі «Мерекелік» және «Үйтас» саяжай аумақтарына ауыз су құбыры тартылып жатыр. Бұл мақсатқа өткен жылы жергілікті бюджеттен 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.

«Мерекелік» саяжай кооперативіндегі үйлерге тамыз айында ауыз су беріле бастайды. Ал жалпы құны 1 млрд теңгеге жобаланған «Үйтастағы» су құбырын тарту жұмыстары 70 пайызға аяқталған. Мұнда бөлінген қаржының 550 млн теңгесі өткен жылы игерілді.

Мамандардың айтуынша, облыс орталығының айналасында осындай 10-нан астам саяжай массиві бар. Қазір қалғандарының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. Сараптаманың оң қорытындысы шықса, қалған кооперативтерге кезең-кезеңімен ауыз су құбыры тартыла бастайды» дейді мамандар.

Нұрлан Шаяхметов, қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

 – Құрылыс жұмыстары 14 айды құрағандықтан нысан өтпелі болды. Биыл 2020 жылдың қараша айында толық осы жұмыстарды аяқтап, елге су береміз деп жоспарлап отырмыз. 3,5 мыңнан астам тұрғыны бар Үйтас саяжайының барлық тұрғындары сумен қамтылатын болады.

Гүлнұр Райымбекова, қала тұрғыны:

 – Халық неше жылдан бері ешқандай ауыз суға жарымай, оны алыстан тасып, қиындық көріп жүр еді. Енді міне Үкімет қамқорлығына алып, Үйтастың тұрғындарына ауызсу жеткізу үшін үлкен мынандай жұмыс жасап жатыр. Үйтастың барша жұртшылығы тұрып жатқан осы іске риза болып, алғысымызды білдіреміз.

Хабар 24 телеарнасы