426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арал қаласындағы блокпосттар жұмысын жалғастыра береді

  • 337
  • UPD: 09:02, 07.06.2020
Арал қаласындағы блокпосттар жұмысын жалғастыра береді

Қызылорда облысы Арал ауданындағы тосқауыл бекеттері әзірге жұмысын жалғастыра береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауданда коронавирус жұқтырған тұрғындар саны басым. Аудан орталығы мен бірқатар елді мекендерде қатерлі індетті жұқтырған азаматтар бар.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, ауданда аталған ауруға шалдыққан 50 адам тіркелген. Олардың 33-і Арал қаласында тұратын болса, 15-і Сексеуіл, 3-і Жақсықылыш кентінің тұрғындары. Сондай-ақ 120-ға жуық адам карантинде жатса, 150-ге жуығы үй жағдайында бақылауға алынған.

Ауданның бас санитарының қаулысына сәйкес, демалыс орындарына рұқсат жоқ. Сондықтан ауданда бірқатар орындарда тосқауыл бекеттері әлі де жұмыс жасап тұр.

«Атап айтқанда, Арал қаласында 3, Сексеуіл кенті және Қамыстыбас елді мекенінде блокпосттар қызмет атқаруда. Бұл орындардан күніне шамамен 100-150 автокөлік өтеді. Жеке құрам күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуде», - дейді Арал аудандық полиция бөлімінің бастығы Әміржан Өтегенов.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 456 адам тіркелген. Оның ішінде Аралда 49, Қазалыда 7, Сырдарияда 27, Шиеліде 74, Жаңақорғанда 51, Қармақшыда 7 және Қызылорда қаласында 241 адам. Емделіп шыққандар саны – 286.

Хабар 24 телеарнасы