417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай маңындағы бұлақтар ішуге жарамсыз болып шықты

  • 410
  • UPD: 15:27, 07.06.2020
Қостанай маңындағы бұлақтар ішуге жарамсыз болып шықты

Қостанай қаласының маңындағы бұлақтардың суы ішуге жарамсыз болып шықты. Экологтардың соңғы жүргізген тексерісі кезінде оның құрамында ауыр металл, фосфат, нитраттың көлемі 1,5 есе көп екені анықталды.

Яғни зиянды заттар бауыр, бүйрек ауруларын асқындыруы мүмкін. Тобыл өзенінің айналасындағы бұлақ  суын жергілікті тұрғындар жиі тұтынады. Енді жер астынан шығатын қайнар көзі де ластана бастапты. Оған басты себеп саяжай қоқыстары мен бау-бақша химикаттары болып отыр.

Айгүл Әбілтаева, сынақ зертханасының басшысы:

- Бұлақ суын ішуге болмайтындығын, зиянды екендігі туралы  жергілікті атқарушы органдарды, санитарлық эпидемиологиялық  бақылау мекемесін бірнеше рет хабардар еттік. Енді олар қандай бір амал әрекеттер жасауы керек.

Хабар 24 телеарнасы