424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында 600 келіден астам бекіре балықтары тиелген көлік ұсталды

  • 549
Атырау облысында 600 келіден астам бекіре балықтары тиелген көлік ұсталды Polisia.kz

Атырау облысы Полиция Департаментінің қызметкерлері арнайы жедел операция барысында Құлсары-Сарықамыс тас жолы бойында аса ірі көлемде, жалпы салмағы 600 келіден астам бекіре балықтары тиелген көлікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру  ҚР Қылмыстық Кодексiнің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы