424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында карантин талаптары күшейтілмек

  • 745
  • UPD: 13:53, 08.06.2020
Қызылорда облысында карантин талаптары күшейтілмек

Қызылорда облысында да карантин талаптары күшейтілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта вирус жұқтырғандар саны еселеп артып барады. Қазір науқастардың саны 500-ден асты. Соның 73%-і өзара байланыста болғандар. Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша «Қамбаш» демалыс аумағы мен Жаңақорған шипажайы және жазғы балалар лагерьлерінің ашылуы кейінге шегерілді. Арал мен Жаңақорған аудандарында блок-бекеттер әзірге алынбайды. Маусым айының басында өңірде карантин талаптары біршама жеңілдетілген еді. Бірақ тексеріс кезінде қаладағы кәсіпкерлік нысандарының көбі сақтық шараларын сақтамайтыны анықталған. Осыған дейін оларға ескерту жасалып келді. Енді айыппұл салынады.

Әлия Әбдіқайымова, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Денсаулық сақтау министрлігінің №347 бұйрығы шықты. Қазір шағын және орта бизнес саласында жұмыс жасайтын адамдарды біз әкімшілік шараға тарта аламыз. Заңдық құқығымыз бар. Сондықтан келеңсіз жағдайларға әкеп соқтырмау мақсатында тұрғындар әлі де біз қойып отырған ережелерді өте қатаң сақтағаны жөн және соған шақырамын.

 

Хабар 24 телеарнасы