425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында бірнеше жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

  • 496
  • UPD: 14:37, 08.06.2020
Алматы облысында бірнеше жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Алматы облысында адам өлтірді деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы Ырғыз аудандағы әріптестерімен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының 35 жастағы азаматын ұстады. Ол 2016 жылдың тамыз айында Алматы облысының орталығында екі кісіні өлтірді деп айыпталған. Талдықорған қалалық соты 2016 жылдың 11 қазанында ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес қозғалған қылмыстық іс бойынша күзетпен ұстау түріндегі қаулыны санкциялаған. Қауіпті қылмыскерді іздеу үш жылдан астам уақыт бойы жүргізілген. Себебі іздеу салынған азамат тұрғылықты жері мен жұмыс орнын бірнеше рет ауыстырған. Салдарынан күдіктінің тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған және ол есепке тұрудан жалтарған. Екі облыстың жедел уәкілдерінің бірлескен еңбегінің нәтижесінде ауыр қылмысқа күдікті шетел азаматы сот алдында жауапқа тартылады.

Хабар 24 телеарнасы