423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте карантин 22 маусымға дейін ұзартылды

  • 422
  • UPD: 15:44, 08.06.2020

Шымкентте карантин 22 маусымға дейін созылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін брифингте мегаполистің бас санитарлық дәрігері айтты. Талап бойынша қала тұрғындары үйінің ауласынан тым алысқа ұзамауы тиіс. Аса қажеттілік болмаса, ашық базарларға бармаған да жөн. Базарлар таңғы сағат 06:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал кинотеатрлар, балалар ойын алаңдары, ойын-сауық орталықтарындағы батут пен фудкорттар әзір ашылған жоқ. Шектеу шаралары қала аумағына кіретін барлық ауданды қамтиды. Тұрғындар санитарлық барлық талапты қатаң ұстанып, әлеуметтік арақашықтықты сақтағаны абзал. Жоғарыда аталған талап қоғамдық көлік жолаушыларына да ортақ. Көлік жүргізушілері жолаушыларды шамадан тыс мінгізбеуі тиіс. Мұның барлығы вирустың кең таралуын болдырмау мақсатында жасалып жатқан сақтық шараларына жатады.

Хабар 24 телеарнасы