418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында коронавирустан көз жұмған әйел туралы мәлімет пайда болды

  • 226
  • UPD: 17:31, 08.06.2020
Атырау облысында коронавирустан көз жұмған әйел туралы мәлімет пайда болды

Атырауда 72 жастағы тұрғын коронавирустан қайтыс болды. Марқұм Құрманғазы ауданында тұрған.

Төртінші маусым күні сынама тапсырған екен. Талдау қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Дәрігерлер науқасты дереу облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыруды ұйғарады. Бірақ қарт кісінің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Марқұм артериялық гипертензия, бауырдың асқынуы және созылмалы панкреатитпен де ауырған екен.

Ержан Қалымбайұлы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Науқасты облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыруға дайындаған болатын. Бірақ жағдайы күрт нашарлап кеткесін оны жасамады. Дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын жасап, қолынан келгеннің барлығын жасап, біраз жұмыс жасады. Дегенмен, өкінішке орай, науқас қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы