424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында 600 келіден астам бекіре балығы тәркіленді

  • 403
  • UPD: 20:35, 08.06.2020
Атырау облысында 600 келіден астам бекіре балығы тәркіленді

Атырау облысында заңсыз балық тасымалдаушылар ұсталды. Арнайы жедел операция барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді Құлсары - Сарықамыс тас жолы бойында құрықтаған. Олар жалпы салмағы 600 келіден астам бекіре балықтарын облыс орталығына жеткізбек болыпты. Қазір тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Гүлназира Мұхтарова, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы: 

- ҚР Қылмыстық Кодексiнің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы