418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы тұрғындары «Достық» саябағындағы ағаштардың кесілетініне алаңдаулы

  • 212
  • UPD: 21:39, 08.06.2020

Алматыдағы «Достық» саябағы төңірегінде дау туды. Тұрғындар мен белсенділер абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары кезінде 200-ге жуық жасыл желек кесіледі деп алаңдаулы. Ал әкімдік өкілдері кесілетіні тек қураған ағаштар деп отыр. 

Есентай өзенінің жағасындағы саябақ сол маңайдағы тұрғындар үшін бір мезгіл серуендейтін жалғыз демалыс орыны. Бақтың жобалық-сметалық құжаттамасы 2017 жылы жасалған. Бірақ қаражат биыл ғана бөлініп отыр. Құрылысшылар жұмысқа кіріскенде тұрғындар қарсылық танытты. Өйткені олар жөндеуден кейін ағаштардың қатары сиреп, бақ іші ойын-сауық орнына айналады, деп қорқады. Дегенмен, қолдайтын азамттар да бар.  

-Жөндеу жұмыстарынсыз-ақ әдемі еді ғой. Бізге осы қалпында ұнайды. Асфальт пен тас төселген қалалық ландшафтар Алматыда жеткілікті емес пе? Орман болмаса да, кейде осындай ағаштардың ішінде отырып демалғың келеді. Менің пікірімше ешнәрсеге тимеу керек.

- Қолдаймыз. Қолдағанымыз енді біздің жүріп, шығып демалатын жер керек қой бізге де.

Мұнда шамдар мен суару жүйесі жаңарады. Балалар және спорт алаңы болады. Шахмат клубы мен иттерді серуендететін орын да қарастырылған. Көпшілікті алаңдатқан ағаш мәселесіне келгенде әкімдік өкілдері тек қураған талдарды кесеміз, дейді. Үш жыл бұрынғы есеп бойынша ондай 99 ағаш бар.  Ал сахна салынбайтындықтан мәжбүрлі түрде кесіледі деген 70 ағаш сол күйінде қалады, дейді мамандар.

Нұрлан Құтыбаев, қалалық жасыл экономика басқармасының бас маманы:

-Тек ғана ахаулы жағдайда тұрған ағаштар ғана кесіледі. Қураған, шіріген, негізі уклоны бар ағаштар, сондай қаупі бар ағаштар. Ағаштарды кескен жағдайда да осы жерде, жақын аумақта тұратын тұрғындармен ақылдасып отырып бірге қарастыратын боламыз міндетті түрде.

Аумағы 4 гектардан асатын «Достық» саябағын «Достар» құрылыс компаниясы жөндеп жатыр. Келісім-шарттың құны 333 миллион теңгеден асады. Жоспар бойынша мұндағы жұмыстар 2021 жылдың наурыз айында бітуі тиіс.

Ұлан Нарынбек, тілші:

- Қазір саябақтағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мердігер компания басшыларының айтуынша, кейбір жобалар бойынша тұрғындармен келісімге тез келетін болсақ жөндеу жұмыстары осы жылдың соңында-ақ аяқталады дейді. 

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы