423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада көгілдір отын құбыры мөлтек аудандарға шілде айында тартылады

  • 561
  • UPD: 21:00, 08.06.2020

Елорданың шағын алты ауданына шілде айында газ жетеді. Қазір Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный және Агрогородок тұрғын алабында газ құбырының сынақ жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін Промышленный және Юго-Восток аудандары газбен қамтылады.  

Елорданың Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Өнеркәсіптік елді мекендеріне газ құбырлары тартылып жатыр. Ал «Железнодорожный» тұрғын алабындағы жұмыстар аяқталуға жақын. Мамандар көп қабатты үй шілдеден бастап көгілдір отынмен толық қамтылады дейді. 

Мақсат Есмағұлов, Нұр-Сұлтан әкімдігінің отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы:

- Газды тартудың бағасы жабдыққа байланысты. Егерде сіз күрделі жабдық қоям десеңіз, яғни үйіңіздің ауласы үлкен болса онда бағасы қымбат болады. Шамамен 100 мың теңгеден басталады. оны жылуға, ыстық су қосам десеңіз, монша болса онда қымбат болады. 

Елорданы газдандыру жобасы аясында газ құбырлары әр үйдің іргесіне дейін жеткізіледі. Сондай-ақ есептегіштер тегін орнатылады. 

Болат Кәрібаев, Көктал-1 ауданының тұрғыны:

– Газ жүргізген әрине бізге жақсы. Біз қуаныштымыз. Жігіттер барын салып, өздерінше істеп жатыр. Біз қарсылық жасап жатқан жоқпыз. 

Айта кетейік, биыл Промышленный, Юго-Восток елді мекендері газбен толық қамтамасыз етіледі. Ал екінші кезеңде Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар, Тельман, Пригородный, Garden Village және Family Village тұрғын алабтарына желілер тартылады. Үшінші кезеңде Қараөткел, Шұбар , Өндіріс аудандары газдандырылады.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы