423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ешкімге сатпастан тозғанша өзім айдаймын – «Армениялық» көліктің иесі

  • 580
  • UPD: 22:09, 08.06.2020

Атырауда да Армениядан әкелінген 200 көлік тіркеуден өтті. Мамандар бұл санаттағы көліктерге қатысты талаптар жеңілдегенін айтты.

Бұған дейін қазақстандық номердің қымбатшылығы қоғамда қызу талқыға түскен еді. Ал енді Армениядан келген көліктерді тіркеу туралы жаңа заң жобасы жүргізушілер үшін қолайлы болып отыр. Бар-жоғы 11946 теңге көлеміндегі міндетті төлемді төлеп, автокөлік иелері темір тұлпарын елімізде тіркеуге қоя алады. 

Ринат Ибрашев, қала тұрғыны:

- Өз атыма тіркеп, бір көлік алып келдім. Соны тіркеу шаруаларымен келіп тұрмын. 12 мың теңге шамасында мемлекетке ақша төлеу керек. Сосын машинаны тіркеуге қояды. Басқа ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын. Ешкімге сатуға болмайды. Өзіміз сол істен шыққанша айдаймыз деп отырмыз. 

Бұл шаһардағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы. Темір тұлпар иелері Армения нөмірін қолға ұстап кіріп, қазақстандық сары номерді қуана қолтыққа қысып шығып жатыр. Тіркеу жұмыстары басталған бір апта ішінде 200-ге жуық көлік тіркелген. 

Мырзалы Өтеғалиев, облыстық ПД ӘПБ бастығы:

- Армения Республикасы уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және ҚР аумағына 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін келген тіркеуге жатады. Атырау қаласының мамандандырылған қызмет көрсету орталығында полиция басқармасының уәкілетті қызметкерлері қызмет атқаруда. 

Ерекше үлгідегі нөмірді алғаннан кейін азаматтар арғымақтарын сата алмайды. Көлік иелері үшін ендігі өзекті мәселе – салық төлеу. Жауапты мамандардың сөзінше, бүгінде салықты тек бір мемлекетте ғана рәсімдеу  туралы заң жобасы қарастырылып жатыр. Сонда көлік иелері үшін шығын да азаятын болады. 

Асланбек Шығыров, тілші:

- Басқару рөлі оң жақтағы автокөліктер тіркеуге қойылмайды. Ал рулі сол жақта орналасқан көліктерді 1 қыркүйекке дейін тіркеп болуы керек. Рәсімдеп үлгермегендер заң шеңберінде жауапкершілікке тартылады.

Авторлары: Асланбек Шығыров, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы