422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аягөз қаласындағы жылу мәселесі толық шешімін таппақ

  • 389
  • UPD: 08:45, 09.06.2020
Аягөз қаласындағы жылу мәселесі толық шешімін таппақ

Қыс түсіп, қақаған аяз болса бүрсеңдеп тоңып шығатын Аягөз тұрғындарының мәселесі биыл толық шешімін таппақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

40 мыңнан астам халқы бар шаһарда қазір ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 421 миллион теңге бөлінген. Оған қаладағы 5 қазандық пен 7 шақырымдық жылу құбырлары жөндеуден өтеді. Жұртты мазалаған өткір мәселенің бірі «Солтүстік» шағын ауданы тұрғындарының қыста жылуға жарымайтындығы еді. Қазір осындағы әскери бөлім иелігіндегі қазандық қалалық әкімдік теңгеріміне өтіп, мұнда да күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Ділдәбек Оразбаев, Аягөз ауданының әкімі:

– Сол қазандықты бұзып, жөндеп жатырмыз. Жалпы биылғы жылы ол жерге де 3 қазандық қоятын боламыз. Оның қуаты 7,5 гигакалория болады. Ол жерге қажетті болып тұрғаны 5 гигакалория, бірақ біз 2 гигакалория запасқа алып отырмыз. Себебі қосымша үйлер, мекемелер қосылатын болса, шетінен қосып беріп отыратын боламыз. Аягөз қаласында жылу мәселесі толық шешімін табатын болады.

Хабар 24 телеарнасы