424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттіктер 22 маусымға дейін маска тағып жүруге міндетті

  • 364
  • UPD: 10:33, 09.06.2020

Шымкентте карантин мерзімі ұзарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді 22 маусымға дейін қала тұрғындары маска тағып жүруге міндетті. Ал халыққа қызмет көрсету орындарында жұмыс істейтіндер қолына медициналық қолғап киіп, үнемі антисептик пайдалануы тиіс. Сондай-ақ азаматтар қоғамдық орындар мен көліктерге мінгенде және кәсіпкерлік нысандарға барғанда арақашықтықты сақтап, санитарлық талаптарды орындауға міндетті. Жаңа қаулы кешеден бастап күшіне енді. Сонымен қатар тұрғындарға өздерін шектеп, адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес беріледі. Қоғамдық көліктерге бетпердесіз мінуге болмайды. Автобус ішіндегі орынға қарай адам санына да шектеу қойылады.

Хабар 24 телеарнасы