427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда крематорий қашан салынады – әкімдік түсінік берді

  • 699
  • UPD: 16:16, 09.06.2020
Алматыда крематорий қашан салынады – әкімдік түсінік берді almaty.tv

Алматы әкімдігі қалада крематорий құрылысы қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған дейін Алматы әкімдігі патологоанатомиялық бюро (мәйітхана) мен крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді жоспарлаған еді. Алайда жеткілікті қаржы болмағандықтан, крематорий құрылысы кейінге қалдырылды. Ал 9 сәуірде Үкіметтің №187 Қаулысымен крематорий құрылысына қаражат бөлу туралы шешім қабылданды», –  деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды. Құжаттама жасалып, оң сараптамалық қорытынды шыққаннан кейін нысанның құрылысы қарастырылады.

Еске салайық, Алматы әкімдігі крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға тендер жариялаған болатын. Техникалық сипаттамаға сәйкес, крематорий бір залдан және екі пештен тұрады. Жоба құжаттамасын әзірлеуге 46,8 млн теңге бөлінген. Тапсырыс беруші – «Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

Хабар 24 телеарнасы