429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде егістік жұмыстары аяқталды

  • 479
  • UPD: 18:21, 09.06.2020
Елімізде егістік жұмыстары аяқталды turkystan.kz

Елде егістік жұмыстары аяқталды. Мұны Президентке 5 айдың есебін берген сәтінде Үкімет басшысы айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Асқар Мамин коронавирустың салдарынан биылғы қаңтар мен мамыр аралығында ұлттық экономиканың өсу қарқыны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,7%-ке төмендегенін жеткізді. Алайда, тау-кен, өңдеу, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салаларында, сосын негізгі капиталға инвестиция тарту бағытында өсім бар. Осылай деген Премьер-министр «биыл ел бойынша 1 миллион 200 мыңдай азамат жұмыспен қамтылады», деді. Кейін Президентке коронавирустың таралуын тежеуге қатысты қолға алынған жұмыстарды баяндады. Кездесуде Мемлекет басшысының алдағы шілде айында Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізетіні белгілі болды. Ол жиында Қасым-Жомарт Тоқаев елдің бірінші жартыжылдықтағы даму қорытындыларын талқылап, дағдарыс салдарын еңсеруге қатысты бірқатар міндет жүктейді.

Хабар 24 телеарнасы