429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бір жылдың ішінде ең төменгі жалақы 1,5 есеге өсті

  • 351
  • UPD: 19:54, 09.06.2020

Бір жылдың ішінде елде ең төменгі жалақы 1,5 есеге өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көп балалы отбасылардың әр баласына 11 мың теңгеден жәрдемақы тағайындалды. Биылдан бастап мәдениет-өнер мекемелерінде еңбек ететін азаматтардың жалақысы 50%-ке ұлғайды. Педагогтардың жалақысы алдағы 4 жылда екі есеге өседі. Ал, әлеуметтік саладағы қызметкерлердің айлығы 15-тен 60%-ке дейін көбейді.

Жыл басынан бері дәрігерлердің жалақысы 30%, ал мейірбикелердікі 20%-ке өсті. Елде зейнетақы мен жәрдемақы көлемі де 5%-ке ұлғайды.

Колледжде жұмысшы мамандығында оқитын 122 мың студенттің шәкіртақысы былтыр 30%-ке еселенді. Биылдан бастап тағы кәсіптік-техникалық және жоғары оқу орындарында оқитын ұзын ырғасы 305 мың жастың стипендиясы 25%-ке ұлғайтылды. Еңбек құқығы күшейтілді. Шеттен келетін жұмысшыларға берілетін квота 40%-ке азайтылды.

Көпшілікті жадыратқан жағымды жаңалық – қиын жағдайға тап болған жарты миллионнан астам қазақстандықтың банктерге берешегі кешірілді. Бұдан бөлек, қаржы ұйымдарына несиесін уақытылы төлей алмаған 1 миллионнан астам азаматтың айыппұлы мен өсімпұлы жойылды. Бұл шамамен 34 миллиард теңгенің қарызы кешірілді деген сөз. Атаулы әлеуметтік көмек төлеуде де өзгерістер болды.

Цитата

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Биыл бірінші қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілді. Олқылықтар жойылды, негізгі мақсат – балаларға жүйелі қолдау көрсету болып отыр.

Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектен бөлек көп балалы отбасыларға арналған жаңа жәрдемақы енгізілді.

Оның басты ерекшелігі – жәрдемақы табысына қарамастан төленеді. Ол бала санына қарай ай сайын беріледі. Бұл да көпті қуантқан жаңалық болды. Ал, коронавирус пендемиясы кезінде Президент азаматтарды қолдауын күшейте түсті. Коммуналдық төлемдердің тарифі төмендетілді. 4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңгеден көмек қаржы берілді.

Шолпан Қалынғараева, қала тұрғыны:

- Үкіметтен кепілдендірілген әлеуметтік көмек алып тұрмыз. Екінші рет. Маска беріп тұр. Рахмет Үкіметке. Бұдан басқа мен ақшалай көмек алдым, 42500теңге берді.

Ғалия Байтөреева, қала тұрғыны:

- 42500 теңгеге мен өтінім бердім. 1414-тен SMS келді. 20 реттік нөмірді бәрін жіберіп, содан алдым. Қиын сәтте осындай қолдау болып жатыр.

Бизнес те қолдаусыз қалмады. 2 миллионға жуық азаматтың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді. 700 мыңнан аса компания мен кәсіпкер үшін салық жүктемесі азайтылды. Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржысын үнемдеді. Бұдан бөлек, бизнесте жүргендерге несие жеңілдікпен берілетін болды.

Мұндай шарапатты көріп жатқандардың бірі – кәсіпкер Шалқарбек Тәліпов. Ірі құрылыс компаниясы бар.

Шалқарбек Тәліпов, кәсіпкер:

- Эпидемия басталғалы бері бізге де ақша бөлінді. Енді оны екінші деңгейлі банктер арқылы аламыз жақсы жеңілдікпен. Ол да жасалып жатқан жақсы тіршілік. Соның проценттері өте төмен. Өте ыңғайлы. Бір жылдың ішінде істеліп жатқан жұмыстар бар. Көзге көрініп тұр. Жалпы Үкіметтің көзқарасы өзгерді халыққа.

Дағдарыстың өзінде халықты қолдауға бөлінетін қаражат көлемі 5,9 триллион теңгені құрады. Осының 293 миллиарды тікелей азаматтар мен экономиканы демеуге бағытталмақ.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Арман Ақшабев

Хабар 24 телеарнасы