428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы Ақкөл ауылдық округі карантинге жабылды

  • 317
  • UPD: 19:34, 09.06.2020
Атырау облысындағы Ақкөл ауылдық округі карантинге жабылды

5 мың тұрғыны бар Ақкөл ауылы 18 маусымға дейін карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты елді мекен. Аядай ғана ауылда 24 адам ауруға шалдыққан. Солардың бірі – 72 жастағы кейуана, бұрнағы күні аудандық ауруханада көз жұмды. Ауылдық округте коронавирус алғаш рет 3 маусым күні емхана қызметкерінен анықталған болатын. Онымен аралас-құралас жүрген 17 медицина қызметкерінен зертханалық сынама алынған, сөйтіп 13-інің індетке шалдыққаны анықталған. Тұрғындардың қауіпсізді үшін енді ауылға кіріп-шығу шектелді.

Ержан Қалымбайұлы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Құрманғазы ауданы бойынша COVID-19 жағдайының тіркелуінің бірден бір себебі, тұрғындар арасында карантиндік режим талаптарының сақталмауы бетпердесіз жүруі, 3-іне одан да көп адамның шоғырлануы т.б. Медициналық қызметкерлер арасында тіркелу себебі: медицина қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-қимыл алгоритмін сақтамау болып отыр. Қазіргі таңда Ақкөл ауылдық округі бойынша карантиндік режим жарияланып, шектеу шаралары енгізілді.

 

Хабар 24 телеарнасы