420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Ауылым – алтын тұғырым» байқауының жеңімпаздары марапатталды

  • 339
  • UPD: 22:05, 09.06.2020
Елордада «Ауылым – алтын тұғырым» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордада «Ауылым – алтын тұғырым» атты әдеби байқаудың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұйымдастырған сайысқа 200-ден астам шығарма түсті. Олардың ішінен үздіктерін белгілі қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар және әдебиеттенушылар іріктеді. Биыл сайысқа Қазақстан ғана емес, Ресей, Моңғолия және Әзербайжан елдерінің өкілдері де қатысты. Үздіктер проза, поэзия және драматургия жанры бойынша анықталды. Іріктелген материалдар «Алтын тұғыр» атты жинаққа енгізіледі.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:

- Онлайн конкурстың негізгі мақсаты – ауылдың қасиетін дәріптеу. Жалпы ауылдың бүгінгі өмірін, ауыл шаруашылығына қатысты мәселелерді, ауылдың дамуын, ауылдың проблемаларын, ауылдың болашағын барлығын осы ақындардың сөзімен суреттей отырып, жалпы көпшілік халыққа жеткізу. Әсіресе, жастарға жеткізу. Біздің осы онлайн конкурсқа қатысып жатқан әдебиетшілердің көбі жастар. жылда 200-ден астам шығармалар түседі. Қазірдің өзінде 4 жылда мыңға тарта шығармалар жинақталған 12 томдық кітап болып шықты.

Драматургия саласы бойынша биыл бас жүлдені жазушы-драматург Төкен Әлжантегі иеленді. Ол өз шығармасында тұрғындары көшіп, қаңырап қалған шағын ауыл туралы жазған.

Төкен Әлжантегі, жазушы, байқау жеңімпазы:

- Көтерген мәселелерім ауылдағы қал ахуал, содан кейін экологиялық қиыншылық. Осы мәселелерді көтеріп, драма жазғам «Жалғыздық жаңғырығы» деген. Адам өзінің қай деңгейде тұрғанын білу керек қой. Содан кейін жазған дүниелерімді бір сынақтан өткізіп алу үшін осы конкурсқа жібергем. Сол жіберген шығармама байланысты келіп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы