425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Алакөлдің демалыс аймағына ПТР-тест қорытындысы барлар ғана кіре алады

  • 407
  • UPD: 23:49, 09.06.2020

Алакөлдің шығыс жағалауындағы демалыс орындары 13 маусымнан бастап туристерді қабылдай бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолғы суға шомылу маусымының өзіндік ерекшелігі бар. Айталық, демалыс аймағына қолында COVID-19-ға қатысты тест қорытындысы бар адамдар ғана кіре алады.

Алакөлдің шығыс жағалауындағы сауықтыру орындары әрдайым сұранысқа ие. Көлдің дәл осы бөлігіне минералды су көздері құйылады. Ол өзінің емдік қасиеттерімен бағаланады. Өткен жылы мұнда 700 мыңнан астам турист болған. Тек бір мезгілде ондағы жаяу жүргіншілер жүретін арбатта 12 мың адам болуы мүмкін. Сондықтан халық көп жерде COVID-19 инфекциясын жаппай жұқтыру қаупі де жоғары. Осыған орай демалыс орындары алдын алу шараларына баса мән беріп отыр.

Рамазан Мұрат, «Парус» демалыс орнының директоры:

- Енді осы маусымның басында біз 50%-тік көрсеткіш көрсетсек, енді осы анықтама қағаздары арқылы біз енді келесі айда маусым айына қарағанда туристерді толық 100% толықпен қабылдауға атсалысамыз.

Кәсіпкерлердің айтуынша, ПТР-тест қорытындысы болған жағдайда халық алаңсыз тынығады. Олар қолға алынға шаралар демалушылардың ауру жұқтырмай, қайта денсаулықтарын түзеп қайтуына септігін тигізеді деп сенеді.

Айгүл Имамұхаметова, «Достық» демалыс үйінің жетекшісі:

- Бір ғана талап қойылып отыр. Ол ПЦР-анықтама алу. Бұл талап өзімізге керек нәрсе. Ең біріншіден, ол өзіміздің қауіпсіздігіміз жайлы. Яғни, сіз жанұяңызбен келгенде бұл Алакөл жағалауына, сіз жалғыз келмейсіз. Басқа да кісілер келеді.

Анықтаманың бар-жоғы бірден демалыс аймағына кіретін жерде тексеріледі. Осы шектеулерге қарамастан, биылғы шомылу маусымы табысты болады деген үміт бар.

Авторлары: Анель Есенбердина, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы