423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылордада волонтерлер халыққа цифрлық қызмет алуға көмектесуде

  • 528
  • UPD: 08:03, 10.06.2020
Қызылордада волонтерлер халыққа цифрлық қызмет алуға көмектесуде

Қызылордалық волонтерлер қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар және көп балалы аналардың мемлекеттік қызметтерді алуына көмектесіп жүр.

Волонтерлар тұрғындарға электронды үкімет порталын пайдалану, кезекті алдын ала брондау және онлайн тапсырыс беру жолдарын үйретеді. Сонымен қатар сайт сервисі және TelegramBot қосымшасы арқылы түрлі жәрдемақы, зейнетақы мен жөргекпұл рәсімдеуге келгендердің талонын тіркеп, құжаттарын тексеріп береді. Жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы қолдауымен әзірленген. Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарына 20 волонтер қолғабыс етіп жүр.  Жалпы аймақта электронды түрде қызметтер алу үлесі өткен жылмен салыстырғанда 18 процентке артқан.

Ғалымжан Ілкібаев, ҚР МҚІА облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы:

- Аудандарда да бар. Арал, Жалағаш және Қызылорда қаласындағы өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарында қызметтер көрсететін болады аталған еріктілер. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Яғни 6 айға жуық еріктілер өз қызметтерін азаматтарға ұсынып, жоба соңында тиісті БҰҰ даму бағдарламасының сертификаттары табысталады.

Хабар 24 телеарнасы