419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде қаланы абаттандырумен айналысатын жұмысшылар жетіспейді

  • 389
  • UPD: 08:10, 10.06.2020
Өскеменде қаланы абаттандырумен айналысатын жұмысшылар жетіспейді

Өскеменді абаттандыруға бір жарым мыңға жуық жұмыс қолы қажет. Облыс орталығында 100-ден астам жол құрылыс, сәулет жобаларын жүзеге асыру көзделіп отыр.

Оның құны 30 миллиард теңгеден асады. Ал мердігер мекемелерге жұмысшы мамандар жетіспейді. Қазір еңбекпен қамту орталығы дәнекерлеуші, ағаш шебері, сылақшы, бетоншыларды жағалай іздестіріп жатыр. Соңғы бір жарым айдың ішінде ғана мемлекеттік бағдарлама бойынша 2 мың өскемендік  екі қолға бір күрек тапты. Жұмысшы мамандарды көбірек тарту үшін алдағы уақытта бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарда бар.

Альмира Мусинова, қалалық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

- Бүгінгі таңда осы 113 проект бойынша 7,5 мыңнан астам адам жұмысқа қабылданады. Егер атап айтқанжа жұмыспен қамту аясында 3 мың 818 адамды қабылдауымыз керек. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 3 мыңнан астам Өскемен қаласының тұрғыны осы біздің жұмыспен қамту орталығына келіп, арыздарын тастап кеткен.

Хабар 24 телеарнасы