425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТЖД үйдің терезесіне балаларға арналған қоршау орнатуға міндеттейді

  • 357
  • UPD: 11:38, 10.06.2020

Жыл басынан бері елімізде 35 бала көп қабатты үйдің терезесінен құлады. Қайғылы оқиғалар негізінен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола облыстарында тіркелген.  Жалпы елімізде бұл мәселе маусымдық сипатқа ие. 

Биыл жыл басынан бері елімізде 35 бала терезеден құлады. Ал соңғы екі жылда тек елордада осындай 51 оқиға тіркелген. 13 бала қайтыс болса, 38-і түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, оқыс оқиғалардың бұл түрі қазір жол апатынан кейін екінші орында тұр. Ақбота есімді кейіпкеріміз екі баланың анасы. Үлкені 4-те, кенжесі әлі 1 жасқа да толмаған. Яғни оның алаңдайтын жөні бар. 

Ақбота Бисенғалиева-Шарипова, қала тұрғыны:

- Балам дүниеге келгеннен бастап терезеден қорқа бастадым. Өте қатты тез қимылдайды. Ғаламтордада неше түрлі оқиға болып жатыр. Қазіргі таңда карантинде балаларымызда өзімізде үйде отырғандықтан жаңағы осы торды қою әрбір ата-ананың міндеті деп ойлаймын. 

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- Карантинде балалардың терезеден құлау оқиғалары жиілеп кетті. Осындай жағдайдың алдын алу үшін темір тор орнатқан абзал. Ал москит торына аздап күш түсірсеңіз құлап кетуі мүмкін. Жалпы құрылғының сапасын арнайы маманнан сұрап көрелік. 

Нұрлан Тасығожин, тор орнатушы:

- Жалпы сапасы  жайлы айтып өтсеңіз? Біз екі түрлі тор қоямыз. Біріншісі поликарбонат және бағасы қолжетімді алюминийдан жасаймыз. Қанша салмаққа дейін көтереді? 60-80 кг дейін көтереді. Мен енді тексеріп көрейін. Қауіпсіз екенін байқауға болады. Ал бұның бағасы қанша? Азаматтардың қалтасы көтереді ме? Поликарбонаттық тор 20 мыңнан басталады. Бірақ қолжетімді материал бар, алюминийдан жасалатын 9-10 мың теңге шығады. Карантин кезінде тапсырыс көбейді ме? Карантин кезінде тапсырыс көбейді.

Айта кетейік, жуырда азаматтарды үй терезесіне қорғаныс құрылғыларын орнатуды міндеттеу ұсынылды. Яғни Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті терезені жабдықтау талаптарына өзгеріс енгізбек. Көп қабатты үйлерде қауіпсіздік жабдықтарын ата-аналардың өздері орнатады. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде құлыптарды мемлекеттің қаражатына орнату жоспарланып отыр. 

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы