419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандағы туристік нысандар қашан ашылады?

  • 462
  • UPD: 12:11, 10.06.2020

Түркістан облысында шектеу шаралары ұзартылып, карантиндік режим сақталып отыр. Осыған байланысты әлі де біраз нысандардың жұмысы тоқтап тұр. Оның ішінде туризм, мәдениет, халықаралық автобус бағытары бар. Өңірдегі мәдени-рухани және туристік нысандар қашан ашылады деген жоспар бар ?

Жандос Жұмабек, тілші:

- Түркістан облысында шектеу шаралары қауіпті індеттің беті қайтпайынша жалғаса бермек. Егер бір апта ішінде вирус жұқтырғандар саны 2 пайыздан азайса ғана шектеу шаралары жеңілдеуі мүмкін. Ал науқастар саны көбейсе, талап күшейе түседі. Себебі қазір сәл босаңсудың өзі қауіпті болып тұр.

Сондықтан облысының Бас санитар дәрігер азаматтардың қауіпсіздігі үшін шектеуді эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартуда. Маскалық режим сақталып отыр. Қоғамдық орындарда адамдар арасындағы ара қашықтық 2 метрден кем болмауы тиіс. 50 адамға дейінгі дейінгі қоғамдық тамақтану орындарына сағат 10:00-ден 22:00-дейін жұмыс істеуге рұқсат берілгенімен той-томалақ өткізуге болмайды. Сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, кинотеатрлар, түнгі клуб және мал базарларының қызметіне тыйым салынған. Ал егер жағдай тұрақталса, Түркістандағы туристер ең көп келетін Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 15 маусымнан бастап туристерді қабылдай бастайды. Сондай-ақ биыл Түркістан қаласының өзінде 3 бес жұлдызды қонақүй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, өңірге саяхатшылар көрші Өзбекстан респбуликасынан көп келеді. Алайда карантин мен шекараның жабық болуына байланысты облыстағы халықаралық автобус бағыттары әзірге ашылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы