456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қапшағай су қоймасы жабылды

  • 2099
  • UPD: 17:19, 10.06.2020
Қапшағай су қоймасы жабылды

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қапшағайда шомылуға тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені құбылған күн райына байланысты су әлі суық. Қауіпті індетті жұқтыру қаупі де жоғары. Сондықтан Қапшағай маңында санитарлық бекеттер қойылуда. Ал Алматыда блок-бекеттер алынып, қоғамдық орындар ашылғалы бері карантин талаптарын сақтамаған бірнеше кәсіпкерлік нысан анықталды. Соңғы бір аптада қалалық тексеру тобы 138 мекемеге арнайы бақылау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде оның 98-і жұмысын тоқтатты. Қалада коронавирусты жұқтыру саны соңғы күндері 3 проценттен асқан жоқ. Дегенмен әлі де санитарлық талаптарды қатаң сақтауымыз керек деді бас санитар дәрігер. 

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері:

– Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен және шет елдерден 107 оқиға тіркелінді. Оның ішінде шетелдік рейстермен 66 жағдай әкелінді. Алматыдағы науқастардың санын 3,1 пайызын осы шетелдіктер құрайды. Және жалпы саны 2939 жағдайының профилактикалық тексеру кезінде 997 оқиғасы тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы