432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елде жаңа кен орындары ашылуы мүмкін

  • 402
  • UPD: 19:36, 10.06.2020
Елде жаңа кен орындары ашылуы мүмкін

Ақмола, Қостанай облыстары мен орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерде алтын өндіретін зауыт ашатын әлеуетіміз бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вольфрам, молибден, алюминий, қалайы өндірісі бойынша да кәсіпорындар салынуы кәдік. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі осылай дейді. Онлайн форматта есеп берген Мағзұм Мырзағалиев қоқыс мәселесіне де жеке тоқталды. Осы күні елдегі 3 мың 200 полигонда 125 миллион тонна тұрмыстық қалдық жатыр. Жыл сайын 5 миллион тоннадан астам қоқыс жиналады. Полигондардың 83 проценті экологиялық және санитарлық талаптарға сай емес. Өңірлерде қалдық өңдейтін тиісті инфрақұрылым жоқ. Соның салдарынан қоқысты кез келген жерге төге салатындар көбейіп барады.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

– Былтыр ғарыштық бақылау аясында 9 мыңнан астам қоқыс тастайтын жер анықталды. Министрлік қоқыстарды жою бойынша кесте құрды. 400 мың тонна қоқыстың 30% жойылды. Бұл Ақтөбе облысы немесе Нұр-Сұлтанда жылына жиналатын қалдықтың көлеміне тең.

Хабар 24 телеарнасы