419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 100 кәсіпорын жабылды

  • 376
  • UPD: 23:48, 10.06.2020

Бас шаhардағы жүзден аса нысанда санитарлық талап бұзылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айталық, дәмханаларда даяшылар келушілерге медициналық маскасыз қызмет көрсетеді, үстелдердің арасында ара қашықтық сақталмайды, тіпті антисептиктерді орнатпағандары да бар.

Елорда әкімдігінің мобильді тобы санитарлық нормаларды орындамаған нысандарды анықтау үшін күн сайын рейд жүргізеді. 18 мамырдан бері күніге 50-ден астам ұйым тексерістен өткізеді. Соның ішінде 100 кәсіпорын санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін жабылған.

Дамира Нуран, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бақылау департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы:

– Біз мониторинг жүргізіп жатырмыз. Мониторинг бұл тексеріс емес. Тексерген жағдайда жауапкершілікке тартылса, айыппұл 100 АЕК құрайды. Егер объектіде өрескел құқық бұзушылық болған жағдайда жабылады. Егер сол жерде орындалмаса.

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

– Елордада арнайы мобильді топ демалыс нысандарына рейд жүргізуде. Ал мына мейманханада санитарлық талаптар сақталған ба бірге білейік.

БЛИЦ:

– Иә, маскасыз жүрген азаматтарды байқадым. Бірақ оларды ішке кіргізбеді.

– Температурамды тексерді, қызметкерлердің барлығы маскамен жүр.

Айта кетейік, демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласында санитарлық нормаларды сақтау бойынша 230 кәсіпорын тексерілген. Оның ішінде 15 нысанға ескерту беріліп, үшеуі жабылды.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы