429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 110 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру ісі анықталды

  • 320
  • UPD: 10:04, 11.06.2020
СҚО-да 110 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру ісі анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында 110 миллион теңгедан астам сомада бюджеттік қаражатты жымқыру фактісі анықталды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел алдын алу шарасы нәтижесінде радиостанциялардың жеткізіліміне сатып алулар туралы қол қойылған келісімшарт шеңберінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Мемлекетке келтірілген залалдың сомасы 110 млн теңгеден асады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 189-бабының 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы