423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы маңында қоқыс полигонындағы өрт тікұшақпен сөндіріліп жатыр

  • 419
  • UPD: 10:42, 11.06.2020
Алматы маңында қоқыс полигонындағы өрт тікұшақпен сөндіріліп жатыр

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге 3 тонналық су тасмалдағыш құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы қосылды, деп хабарлады ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Өрт түні бойы сөндірілді, қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 40 адам, 8 техника, Іле ауданы әкімшілігінен 26 адам, сондай-ақ 10 су тасушы техника, 3 бульдозер, 3 тиегіш, 5 самосвал жұмыс істеп жатыр.

Өрт алаңы - 3 гектар. Ал жалпы қоқыс тастайтын алаңның аумағы 38 гектарды құрайды.

«Өрт орнында үздіксіз су беріліп жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта жану ошақтарын қайта құнарландыру және топырақпен жабу шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы