420,22 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат халық денсаулығы туралы кодексті қарап жатыр

  • 432
  • UPD: 11:50, 11.06.2020
Сенат халық денсаулығы туралы кодексті қарап жатыр

Вакцина «жоспарлы»  және «эпидемиологиялық көрсетілім бойынша» деп екіге бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аса қауіпті инфекцияларға қарсы екпе жоспарлы болады, ал екінші жағдайда әр адамның таңдау құқығы бар. Бұған дейін Мәжіліс мақұлдаған « Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасын Сенат депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, вакцина мәжбүрлі түрде жасалмайды. Бірақ әрбір ата-ана бала денсаулығына жауапты екенін ұмытпаса дейді. Мысалы, қызылша инфекциясынан 19 бала көз жұмса, 83 проценті екпе алмаған. Егілмеген баланы білім беру мекемесіне  «ұжымдық имунитет» деңгейіне қарай қабылдайды. Яғни, мекемедегі эпидемиологиялық жағдай қолайлы болуы тиіс. Сондай-ақ Кодекске транплантация мәселесіне  байланысты өзгерістер енгізілген. Адам ағзасын шетелге шығаруға тыйым салынады. Сондай-ақ, салаға цифрлық технология енгізу, медициналық қызмет сапасын арттыру, кадр біліктілігін жетілдіру бойынша жаңашылдықтар бар.

Хабар 24 телеарнасы